Оқыс жағдай: Шымкентте екі қабатты үй опырылып құлады
Шымкентте 8 қаңтар күні сағат таңғы 03:55 шамасында Халықтар достығы көшесінде орналасқан екі қабатты жеке үй опырылып құлады.
Бұл туралы “Отырар” хабарлайды.
Тұрғын үй балаларға арналған қазақ-түрік лицейіне жақын орналасқан. Опырылған аумақ 64 шаршы метр. Бұл туралы ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Таңғы 04:07-де оқиға орнына жеке құрамның 11 құтқарушысы және 2 техника бірлігі келіп жетеді. Жедел-құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 4 адам құтқарылды. Оның үшеуі ауруханаға жеткізілсе, бір адам дәрігерлердің көмегінен бас тартқан. Оқиға орынында бір адам қайтыс болды.
04:25-те қиранды астынан 2015 жылы туған сәби табылды.
04:25-де үйінді астынан баланың әкесі шығарылды, ал 4 минуттан соң анасының өлі денесі табылды.
04:32-де тағы бір адам табылды. Сағат 04:53-те құтқарушылар тағы бір адамды опырылған үй астынан алып шықты.
Еске сала кетсек, 1 қаңтар күні түнгі сағат 22:40-та Шахан ауылындағыкөпқабатты үйдің бір подъезді толықтай опырылып ортасына түскен. Оқыс оқиға кесірінен 9 адам – үш ер адам, үш әйел, үш бала қайтыс болды.
Оқи отырыңыз:
ШҚО тұрғыны бір жыл бойы ағасының қыздарын зорлап келген
Шымкентте Швециядан келген еркекті асқан хайуандықпен өлтірген
Дәрігерлер балалардың смартфон, планшет алдында қанша уақыт отыру керегін айтты
Алматы облысы тұрғындары мұғалімнің жеткіншектерден таяқ жедім деп жала жапқанын айтады