Дәрігерлер балалардың смартфон, планшет алдында қанша уақыт отыру керегін айтты

Бейсенбі, 5 Қаңтар , 2017 21:54

Балалар смартфон, планшеттің алдында қанша уақыт отыруы керек? Қайткен жағдайда оларды көз ауруларынан сақтауға болады?

1427572761_rebenok-v-planshete

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Осы мәселені беске білетін мамандар еліміздегі әр мектепте көз дәрігері жұмыс істеуі керек деген пікірде.  Себебі адамдардың көпшілігі түрлі көз ауруларына оқушы кезінде шалдығатын көрінеді.

Күн өткен сайын көз аурулары жасарып келеді. Ересек адамдарға тән аурулардың өзі балаларда кездесіп жатады. Техникалық жетістіктер адамның мүмкіндігін арттырғанмен, саулығына сызат түсіріп жатыр. Балалардың көзінің жаппай нашарлауына туғаннан телефон ұстап, ес кіргеннен экран алдында отыруы басты себеп. Ал мамандардың есебінше, бала мониторға бір сағат қарап отырса, соның өзі қауіпті.

“6-7 жастағы балалар күніне 10-15 минут отыруы керек. Ол қауіпсіз. Ал 14-15 жасқа жеткен балалар 20-25 минут қауіпсіз болады. Оның ішіне бәрі кіреді. Планшет, комрьютер, телефон, телевизор көру де”, – дейді балалардің көз дәрігеріСәуле Үмбетәлиева.

Балаларын жетектеп, окулистің қабылдауын күтіп отырған ата-аналар өте көп. Олардың ойынша, балаларды электроникадан шектеу мүмкін емес. Ауру болмаса дейді, бір жағынан қатарынан қалмаса дейді.

Қазақстанда көз ауруларына шалдыққан адамдардың саны миллионнан әлдеқашан асып кеткен. Ал оның біраз бөлігі балалар. Себебі мектеп табалдырығын аттаған балалардың арасында тек 5-10 пайызының көзінде кінәрат болса, 11-сыныпты бітіргенде бұл көрсеткіш 60 пайызға дейін жоғарылайды. Мамандар оның алдын алу үшін мектептерде көз дәрігері жұмыс істеуі керек дейді. Машақатты болса да, сондай өзгеріс ауадай қажет.

“Әр баланың көру жітілігін тексереміз. Жыл сайын. Сол уақытта рефракция ақауы пайда болса, метропия дейміз, осы балаларды қарамаққа алып, алдын-алу шараларын жүргізбекпіз”, – дейді Қазақ көз аурулары ҒЗИ қызметкері Лұқпан Оразбеков.

Кейбір аурулар тұқым қуалайды. Дей тұрғанмен жасынан күтім көрмесе, ата-бабасы түгілі, әке-шешесі көзілдірік кимеген балалардың көз жанары сөне бастайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    1-2 жастагы балдар канша уакыт отыру керек сонда

    • көз дəрігері says:

      Мүмкіндігінше қай жаста болмасын; балаларды телефон, смартфон, планшет дегенге отырғызбауға тырысу керек.
      Соқыр болу қауіпі өте зор.

    • Анонимно says:

      1-2 жас????

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар