Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әскери институттың 210 курсанты оқудан қашып кеткен

Алматыда құрлық әскерлері әскери институтының 210 курсанты өз беттерімен оқу орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Оқиға бір күн бұрын болған. Жастар осылайша кадрлық тағайындауларға келіспейтіндіктерін білдірген екен. Бұған дейін оқу орнында факультет басшысы ауысқан болатын. Бірақ студенттер құрмет пен беделге ие болған бұрынғы командирді қайтаруға ниетті екендерін жеткізген.

Қорғаныс министрлігі қашқандардың барлығы университетке оралғанын хабарлады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, курсанттар бөлімшеге қызметінен кеткен басшының қайта қызмтетке келгенін естіген кезде бірақ келген.

“Бүгін сағат 9:00-ден бастап барлық курсанттар аудиторияда отырғаны тексерілді. Оқиға туралы курсанттардың ата-аналарына хабарланды. Бұл деректі қорғаныс министрлігінің комиссиясы тексеріп жатыр”, – деп мәлімдеді қорғаныс министрлігінің ақпарат және байланыс департаментінің өкілі Ғани Нүсіпов.

Талқылау