Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өкпеден қан кеткен: Шымкенттік дәрігерлер өкпесі 90% қабынған 82 жастағы әжені емдеді

Өкпесі 90% қабынған 82 жастағы әйел емделіп шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

82 жастағы Галина Хрущеваға пневмония диагнозы қойылып, ауыр халде №1 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды.

Тексеру барысында дәрігерлер науқастың өкпесінің 90%-ы зақымданғанын анықтаған. Егде әйелдің өкпесінен қан кеткен. 


30 маусымда денсаулығының нашарлауына байланысты дәрігерлер оны жансақтау бөліміне ауыстырды. Онда мамандар COVID-19 емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетті. Нәтижесінде науқастың денсаулығы жақсарып, 6 шілдеде ол ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер әженің жағдайы алаңдаушылық туғызбайды дейді мамандар. Ал ол өз кезегінде дәрігерлерге алғысын білдірді.

"Барлық медицина қызметкерлеріне шын жүректен тағзым! Бала-шағаларыңыз аман болсын. Өзіңе өзің қамқор бол", - деді 82 жастағы Галина Хрущева дәрігерлеріне.

Талқылау