"Өкпеден біртүрлі дыбыстар шығады": Коронавирус жұқтырған модель ауруы жайлы айтты

Париж тұрғыны коронавирус инфекциясын жұқтырып, өкпесі тыныс алғанда біртүрлі дыбыс шығара бастағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Интан Клемент

30 жастағы модель және фотограф Интан Клементтің айтуынша, оның сүйіктісі бірінші болып ауырған. Оған суық тиді деп ойлаған модель, сүйіктісінде басқа белгілер болмағанын атап өтті.

Ел президенті Эммануэль Макрон ұлттық карантин жариялағанға дейін бір күн бұрын Клемент достарымен Валуар коммунасына шаңғымен сырғанауға барған. Шаңғы тебу кезінде оның дем алу қиындап, әлсіздікті сезінген. Модель өзінің бұл жағдайын тиісті формада болмауымен және он жылдан бері бұл спорт түрімен айналыспағанымен байланыстырған.

Келесі күні ол достарымен бірге Парижге оралды. Пойызға билеттер болмағандықтан, олар көлікпен жүруге мәжбүр болды. Осы кезеңде Клементтің дем алуы нашарлап, жиі жөтелген.

Кейін ол тыныс алғанда өкпесінен біртүрлі дыбыс шыққанын байқап, дәрігерге видео байланыс арқылы хабарласқан. Дәрігер науқасқа суық тиген деп ойлап,  оған парацетамолды қабылдауды ұсынған. 

20 наурызда Клемент жеке медициналық көмекке жүгінуге шешім қабылдаған. Сол кезде, оның коронавирустық инфекцияның жаңа түрін жұқтырғаны белгілі болды. Содан бері ол ауруханада жатыр, оған келушілерге кіруге рұқсат етілмейді.

Модель өзінің COVID-19 жұқтыратынын ешқашан ойламағанын және инфекцияны шындап қабылдамағанын айтты. Енді ол жастарға коронавирустың таралуына қарсы қауіпсіздік шараларын ескеруге кеңес берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр