ОҚО полициясы күдіктіні ұстап берген 18 жастағы жігітті марапаттады (фото)
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам аудандық полициясы күдіктіні ұстауға көмектескен 18 жастағы Айбат Маутанбековты марапаттады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Күдікті ұрлық және зорлық әрекетін жасамақ болды деп айыпталған. Оқиға 2017 жылы 8 қыркүйекте Ақсукент ауылында болған. 18 жастағы Айбат көшеде әйелге тиіспекші болған бейтаныс ер адамды байқап қалады. Жас жігіт дереу жүгіріп барып оқиға орынынан қашып кетпекші болған күдіктіні ұстап алып, полицияға табыстаған.
Кейін полицейлер күдіктінің ұрлық қылмысына да қатысы барын анықтады. Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 120, 191 баптары бойынша тексеру жүріп жатыр.
Сайрам аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Жанаев ерлік әрекеті мен азаматтық жауапкершілігі үшін Айбат Маутанбековке алғыс хат пен құнды сыйлық табыс етті. Сонымен қатар, полиция басшылығы полиция капитаны Бақытжан Айымбетов пен аға сержант Берікбай Әбдірахмановты да кәсібилігі мен мұқият әрекеттері үшін марапаттады.
Оқи отырыңыз:
ШҚО-да желіге әдепсіз суреттерін жариялаған шенеуніктер жазаланды (фото)
Алматылық бала көрші аулалардағы шашылған қоқыстарды жинап жүр (фото)
Шымкентте 3 жасар бала ашық жатқан сым тоғына түсіп, қолын тұтас күйдіріп алды
Тоңазытқыштан табылған егіздердің ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды