Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-дағы 7 жасар баланың тағдыры: Әжесі қазақстандықтарға алғысын айтты

ОҚО-дағы жоғары сынып оқушыларынан зорлық көрді деген баланың әжесі қазақстандықтарға алғысын айтты. Ол өздеріне алаңдаған қоғамға рақметін айтып, енді бәрі жаақсы болатынына сендірді. Әжесі мен баласы Астанадағы “Аналар үйіне” орналастырылды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды,  TVK телеарнасына сілтеме жасап.

«Құрметті ел-жұртым бізді ойлағандарыңыз үшін көп рақмет. Бізді кеше жақсы қарсы алды: облыс әкіміне, балалар құқығын қорғаушы Балиеваға, бізге қамқор болған қорғаушылар: Бауыржан Азановқа, Құрманғазы Мүсіров және Дінмұхамед Артықовқа рақмет. Зағипа Балиева баланы Астанаға емдетуге алып кетеді. Біздің тағдырымызға алаңдағандарыңыз үшін рақмет. Мен барлығының өміріне тек тыныштық, аманшылық тілеймін. Біз үшін уайымдамаңыздар, бәрі жақсы болады. Құдай қаласа баланың дені сау болып, үлкен жігіт боп кетеді», – деді әжесі.

Бүгін таңғы уақытта әжесі мен немересі Астанаға жеткізіліп, «Аналар үйіне» жайғастырылды.

Олардың барлық шығындарын «Асыл бала» ассоциациясы алатын болды. Бұл туралы ассоциацияның ОҚО-дағы филиалының директоры Гүлнәр Үсенова айтты.

Астанада олар толық кешенді сараптамадан өтеді.

«Осыдан кейін ғана оқиғаның мән-жайы анықталады. Барлық кезде баланың жанынада әжесі болады», – дейді Үсенова.

Тағы оқыңыз:

Құқық қорғаушы: Зорланған баланы бейімдеу орталығына жатқызу керек

Алматыда көлік сатумен айналысып, елдің 21 миллион теңгесін қолды еткен алаяқ ұсталды

Алматыда жетінші сынып оқушысы жоғалып кетті

Қазақ ақыны: Күләш Байсейітованың қызының тұрмысы нашар екен, көмектесейікші

STAN.KZ
Бейсенбі, 15 Наурыз, 2018 14:20
Талқылау