ОҚО-да жаңа туған сәбиді қытай сөмкесіне салып, мектеп жанына тастап кеткен
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданындағы Ақбұлақ ауылынан 4 наурыз күні сағат 16:00 шамасында жаңа туған сәби табылған.
Бұл туралы TVK хабарлайды.
Оқушылар сәби салынған сөмкені көшеден тауып алған. Жанында қан-қан болған шүберек жатыпты. Құрмантаев атындағы мектептің оқушылары жағдай туралы мектеп кітапханашысы Гүлмира Серікбаеваға хабарлаған.
Қытай сөмкесіне салынған сәбиді дереу аудандық орталық ауруханаға жеткізеді.
“Сағат 15:45-тің кезі еді. Көршілер: “Мында келіңдер, бала табылды” деді. Барып қарасақ нәресте қытай сөмкесіне салынып тасталған екен. Олар әу баста күшік тауып алдық деп ойлаған. Толық жетілген нәресте, бірақ үстінің бәрі лас. Мен полицияға хабар бердім. Артынша жедел жәрдем де келіп, баланы қарап, алып кетті”, – дейді кітапханашы Гүлмира Серікбаева.
Оқи отырыңыз:
Елімізде 0-сынып оқушыларына арналған жаңа “Әліппе” шығатын болды
Қарағандыда 16 жастағы бала автобустан қуылғаннан кейін жансақтау бөліміне түсті
Көріпкел семейлік келіншектің сәбиді суға ағызбағанын айтты
Түрме қызметкерлері жабылып зорлаған Слекишина сұлулық салонын ашпақ