"Оқырманыма үйленетін сияқтымын". Пәк қыз іздеп жүрген Еркебұлан Тоқтар қызықты мәлімдеме жасады
Үйленетінін айтқан Еркебұлан Тоқтар оқырман қыздарды үміттендіріп қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/erkebulan_toktar
Болашақ жарының пәк болуы керектігін айтып, сынға қалған отандық актер тағы да желіні шулатты.
“Бір оқырманыма үйленетін сияқтымын”, – деп жазды Еркебұлан желідегі парақшасында.
Оқырмандардың көбісі мұны әзіл деп қабылдаса, қыздар қауымы сымбатты актердің қалыңдығы атанудан үмітті екенін жасырмады.
“Ең белсенді оқырманыма үйленемін десеңші”, “Асығыссың ғой”, “Кастинг ұйымдастырып жатырсыз ба?”, “Қуанттың ғой”, “Сіз айтқан талаптарға сай келемін”, “Қыздардың жүрегін ауырттың”, “Мені алсаң бақытты боламыз”, “Таңдап қойғансыз-ау”, – деп жазды желідегілер.
Оқырман жігіттің “Керісінше, сені танымайтын қызбен кездессең қызық болады” деген кеңесіне актер: “Подписчик жинап жатырмын, үндеме” деп әзіл-шыны аралас жауап берді.