Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Oceans Enterprise қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірі Түркияда ұсталып, Қазақстанға қайтарылды

Oceans Enterprise қаржылық пирамида ісіне қатысы бар азамат Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фин пирамида

ҚР ІІМ Интерпол ҰҚО-ның сұрау салуы бойынша Түркия Республикасының аумағында Маңғыстау облысының полиция департаменті тұтқындау және экстрадициялау мақсатында халықаралық іздестіруге жариялаған 32 жастағы қазақстандық анықталып, ұсталды, делінген Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында.

Ол облыс тұрғындарын қаржы пирамидасына тартқаны үшін іздестірілді және “Oceans Enterprise” компаниясының атынан әрекет ететін алаяқтық топтың ұйымдастырушыларының бірі болған.



“Алаяқтар әлеуметтік желілерде салымшыларды тарту үшін Smart Trade Сoin деп аталатын криптовалютаны сатып алу арқылы жылдам ақша табу мүмкіндігі туралы ақпаратты таратумен айналысты. Сотқа дейінгі тергеу барысында 60-тан астам жәбірленушіден өтініш түсті. Алданған азаматтарға келтірілген шығын көлемі – 212 млн теңге”, – делінген ақпаратта.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігімен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, ол Астана қаласына жеткізіліп, қамауға алынды.

Талқылау