Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пәтерлерді жалға беремін деген": Алматы облысында хиджаб киген әйел бірнеше мәрте алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны өтірік пәтерлерді жалға беріп, бірқатар алаяқтық әрекеттер жасады деп күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полицияның мәлімдеуінше, әйел кем дегенде 15 адамды алдады деп айыпталуда.

“Әйел "тұрғын үйді жалға беру" бизнесін алаяқтығына қолданды. Пәтерлерді жалға берген. Ол пәтерді бірнеше адамға жалға берген. Келісімшартқа қол қойылатын кезде депозит салуды немесетолық соманы төлеуді талап еткен. Ал сома 150-ден 400 мың теңге аралығында болды", – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапьяев.

Жедел уәкілдер күдіктінің ұсталғанын атап өтті. Алаяқтық сериясы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Ол бұрын осы әрекеті үшін сотталған.

Талқылау