Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та кеден қызметкерлері Шыңжаң тұтқындары жасаған шаш өнімдерін тәркіледі

АҚШ-тың билігі Шыңжандағы Lop County Meixin Hair Products компаниясы жеткізген, құны 800000 доллардан асатын 13 тонналық партияның бір бөлігін балалр мен тұтқындардың еңбегі қолданылды деген оймен тәркіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы - көптеген ұйғыр мұсылмандары тұратын Қытайдың батысындағы провинция. Елден шыққан ақпаратқа сәйкес, Қытай билігі күдікке ілінгендердің барлығын қайта даярлау орталығына жібереді. Шын мәнінде, бұл қайта даярлау оталықтары емес, арнайы әскери күшпен қорғалған лагерлер. 

Қазірге кездегі қолда бар ақпарат бойынша лагердергілердің саны миллионға жетеді, олар сол жерде жұмыс істеуге мәжбүр. Кәмелетке толмағандар мен қарттар жұмысты жеңілдетеді, соның ішінде шашқа арналған бұйымдар шығаратын көрінеді. 

"Бұл өнімдерді шығару адам құқықтарын бұзумен қатар жүрді", - деді Бренда Смит, Нью-Йорк және Нью-Джерси кедендерінің өкілі.

Шаштың қайдан алынғандығы белгісіз.

"Тыйым салу тәртібі баршаға Америка Құрама Штаттарына жеткізілген өнімдердің өндіріс тізбегіндегі заңсыз немесе адамгершілікке жат әрекеттерге жол берілмейтіні туралы нақты хабарлама жібереді", - деді Бренда Смит.

АҚШ-тың Бейжіңдегі елшілігі Reuters-ке еңбек құқығы туралы акт Қытайдағы кез келген этникалық азаматтарды, оның ішінде Шыңжаң тұрғындарын қорғайды деп хабарлады.


Өткен жылдың қазан айында Америка Құрама Штаттары қытай шенеуніктері үшін виза шектеулерін енгізді.

Сауда департаменті АҚШ азаматтарына Шыңжаңдағы мәжбүрлі жұмыс күшін пайдаланды деген күдікпен 37 кәсіпорынмен жұмыс жасамауға кеңес берді.

Шамамен бір ай бұрын Дональд Трамп қосымша конгрессте ұйғыр құқығы туралы заңға қол қойып, АҚШ үкімет бөлімдеріне Шыңжандағы жағдайды бақылауды тапсырды.

Сонымен бірге президент Axios интернет-басылымына Америка Құрама Штаттары көп нәрсе жасап жатқанын айтты және Қытаймен сауда келісімі бойынша келіссөздер жүргізуге байланысты ұйғырлардың құқықтары туралы заңға сәйкес қатаң санкциялар қабылдауды кейінге қалдырды.

Талқылау