Нұрланұлы әлемнің үздік 25 жас теннисшісінің қатарында
Фото: Getty Images
Заңғар Нұрланұлы ITF рейтингінде ТОП-25 қатарына кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жаңартылған жасөспірімдер рейтингін жариялады.
Соңғы тізімде 17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы бірден 29 сатыға көтеріліп, 25-орынға жайғасты. Мұндай ілгерілеу оның жасөспірімдер арасындағы US Open турнирінде жартылай финалға дейін жетуінің нәтижесі болды.

Фото: скрин ITF
Қазақстандық басқа ойыншылар да рейтингте өз орындарын сақтап қалды немесе жақсартты. Әмір Омарханов 28-орында қалды, Дамир Жалғасбай 65-орынға көтеріліп, ТОП-50-ге жақындай түсті. Ал Даниель Тазабеков 122-орында орналасқан.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

