AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі күнде 2,5 млн теңге "тапқан" нұр-Сұлтандық такси жүргізушісі тергеуге алынды

Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі жалға алған көліктерден катализаторларын кесіп алып сатып, екі күнде 2,5 млн теңге пайда тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

 

"Смарт такси" ЖШС басшысы полицияға арызданды. Ол жалға берілетін "Chevrolet Cobalt" маркалы көліктерден катализатор ұрланғанын хабарлады. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 39 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол такси жүргізушісі болып жүргенде жалға алған көліктерден катализатор ұрлаған. Әрбіреуінің бағасы – 830 мың теңге.

"Күдікті екі күннің ішінде көліктерді техникалық қызмет көрсету орталықтарына апарып, автомеханиктерге катализаторларды ақыға кескізіп алған. Сосын бәрін металды қабылдау орнына төмен бағамен өткізген", – дейді полицейлер.



Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық, бірнеше рет жасалған әрекет") бойынша екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкi тәркiленеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр