Нұр-Сұлтандағы әуежайда рейстер кешіктіріліп жатыр
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан әуежайында 16 рейс кешіктірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше рейс кешіктірілді. Дәлірек айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласынан ұшып шығатын 6 рейс және Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келетін 10 рейс кешіктірілді. Толық ақпаратты әуежайдың анықтамасынан немесе әуекомпаниялардың байланыс орталықтарынан біле аласыздар", - делінген әуе айлағының сайтында.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты бойынша, 10 наурызда сағат 10-ға қарай Нұр-Сұлтан әуежайындағы жасанды ұшу-қону жолағының үйкеліс коэффициенті 0,27-ге дейін төмендеді.
"Рейстерді орындаудың ең төменгі нормасы-0,35. Қазіргі уақытта реагентті пайдалана отырып, ҰҚЖ тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жолаушылардан өз рейстерінің мәртебесін авиакомпаниялардан нақтылауды сұраймыз. Азаматтық авиация комитеті мен авиакомпаниялардың жұмысындағы басты басымдық ұшу қауіпсіздігі болып табылады", - деп түсіндірді ведомствода.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
