Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай отшашу болады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 9 мамыр мерекесіне орай қалада отшашу болатынын мәлімдеді. Отшашу демеушілер есебінен ұйымдастырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

салют 2022

Мерекелік отшашу сағат 22.00-де Есіл өзенінің жағалауында басталады.

"Отшашудың уақыты 10-12 минут болады және кемінде үш мың рет атылады", – делінген мәлімдемеде.

9 мамырда қалада онлайн және офлайн форматта концерттер мен қойылымдар өтетінін айта кетейік.

Елордада бүгін Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер бейітіне "Даңқ гирляндалары" мен гүл себеттерін қою рәсімі өтті.

Ақберен Амангелді
Дүйсенбі, 09 Мамыр, 2022 14:10
Талқылау