Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда санитарлық талаптарды бұзған құрылыс компаниялары, дүкендер мен кафелер жабылды

Нұр-Сұлтанда санитарлық талаптарды бұзған бірқатар нысандар жабылды. Оның ішінде құрылыс компаниялары, азық-түлік сатпайтын дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар және басқа нысандар бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірге, санитарлық талаптар мен ережелердің сақталуын тексеру бойынша күнделікті рейд жүргізеді.

Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етпейінше нысандар қайта ашылмайды. Бұған дейін санитарлық талаптарды сақтамаған 15 нысан жабылған еді. Бұл талаптар елімізде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қабылданды

STAN.KZ
Дүйсенбі, 18 Мамыр, 2020 10:44
Талқылау