Нұр-Сұлтанда өзін сатып алушымын деп таныстырғандар көлікті ұрлап кетті
Нұр-Сұлтан полициясы өзін сатып алушы ретінде таныстырып, көлік ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көлік иесі полицияға арызданған. Көлікті алдау арқылы алып қашып кеткен 37 жастағы қала тұрғыны осыған дейін ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған екен.
Арнайы сайттардағы автокөліктерді сату туралы жарнамаларды қарап отырып, ол ресейлік нөмірлері бар көліктерді іздеген. Артынша, сатып алушы ретінде көлікті тексеремін деп рөлге отырып, қаша жөнелген.
Полиция қызметкерлері ұрланған көліктің көрші облыста сатылып үлгергенін анықтады.
Көлікті алып қашық кеткен адам құрықталды. Lexus жанармай бекетінде иесі бензин ақшасын төлеп жатқан кезде ұрланған.
"Автокөлікті немесе басқа көлік құралын заңсыз тәркілеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімі азаматтарға автокөліктерді күзет сигнализациясымен жабдықтауға, ал шетелдік есепшотпен автокөлік сатып алу кезінде бағдар бойынша тексеруге кеңес береді.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
