Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда моншадан әйелдің денесі табылды

Нұр-Сұлтанда "Керемет" кешеніндегі бассейнде әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жедел жәрдем

Оқиға туралы Polisia.kz порталы жазды.

Елордалық монша кешеніне келушінің мәйіті бейсенбі күні кешкі 19:10-да бассейнде табылды. Оқиға туралы дереу полицияға хабарланды.

51 жастағы әйелдің 2-топтағы мүгедек екендігі анықталды ("эпилепсия" диагнозы). Ол монша кешенінде анасымен бірге болды.

Іс жүзінде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеріп жатыр.

 

STAN.KZ
Жұма, 12 Маусым, 2020 06:14
Талқылау