Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда ЛРТ құрылысы бұзылып жатыр: Видео желіні шулатты

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Қалдаяқов көшесінің бойында ЛРТ-нің бұзылып жатқанын видеоға түсіріп алған. Әлеуметтік желілерден түсірілген кадрларға City Transportation Systems компаниясы түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видео әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде пайда болды. Видео авторы жоба аяқталмағандықтан оны бұзатын болыпты деп пікір білдірген. 

"Демек, олар ЛРТ-ны бұзып жатыр. Олар құрылысты аяқтамайды. Бұрын да осылай жасаған", - делінген видеода. 

Компанияның баспасөз хатшысы Оксана Лоскутованың айтуынша, видеода ЛРТ құрылғысы бұзылып жатқан жоқ. Керісінше құрылыс жалғасуда. 

"Бейнежазбада қадалардың астында бұрғылауға арналған құбырлар көрсетілген. Қаржыландыру басталғаннан кейін жұмыс басталады", - деп түсіндірді компания өкілдері. 

Талқылау