Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда коронавирустың "британиялық" және "оңтүстікафрикалық" штаммы анықталды ма?

Елордадағы коронавирус індетімен күрес жағдайымен қаланың бас санитар дәрігері таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус бойынша соңғы 3 күнде жағдай күрт нашарлады. Соңғы күндері ауырғандар саны 2 есе өсті. 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық республика деңгейінен 2,9 есе жоғары көрсеткішке ие болды. Бүгінгі күні эпидемиологиялық жағдай күрделі. Күніне коронавируспен ауырған 350-400 жағдай тіркелуде. Жыл басынан бері елордада коронавируспен ауырғандардың саны 11 мыңнан асты. Пандемия басталғалы бері 30 мыңнан астам жағдай тіркелді", - деді Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Сарқыт Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

Одан бөлек, Бейсенова "британиялық" және "оңтүстікафрикалық" штаммы анықталды ма және Нұр-Сұлтан қаласы локдаунға жабылуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді. 

"Шешім сол уақыттағы жағдайға байланысты. Егер эпидемиологиялық жағдай аса нашарлап кетсе, онда мәселе қаралады. Бірақ қазіргі уақытта елордада блокпост қою мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Жаңа штамм туралы айтар болсақ, бүгінде үлгі Алматыға зерттеуге жіберілді. Қазір лабораторияда тексерілу үстінде. Қорытындысы шыққан соң, ол туралы айтатын боламыз", - деді ол. 

Айта кетсек, ертеңнен бастап бас қалада карантиндік шаралар күшейтіледі. 


Нұр-Сұлтан қаласына арналған 2021 жылдың ораза кестесі

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Наурыз, 2021 18:21
Талқылау