Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырған әйел сау баланы өмірге әкелді

Бір күн бұрын қалалық фтизиопульмонология орталығының инфекциялық бөлімінде COVID-19-бен ауырған елорда тұрғыны сау баланы өмірге әкелді. 

сәби

Салмағы 4626 грамм және бойы 61 см ер бала сау күйде дүниеге келді, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Науқаста коронавирустық инфекция диагнозы ауруханаға түсерден бірнеше күн бұрын, босануға байланысты тексерілу кезінде тағайындалды. Ауруханаға түскенге дейін болашақ ана аумақтық емханада амбулаториялық бақылауда болған. Толғағы басталған кезде әйел жедел жәрдем көлігімен орталықтың инфекциялық бөлімшесінің босану бөліміне жеткізілді.

«Қабылдау сәтінде гинекологтерден, инфекционистерден және неонатологтерден тұратын көпсалалы қалалық аурухананың көп салалы дәрігерлер тобы әйелді емдеу және бақылаумен айналысқан. Бір күннен кейін сау бала дүниеге келді! Нәресте коронавирустық инфекцияға тексерілді, сынама теріс нәтиже көрсетті. Анасы мен сәбиінің жағдайы жақсы», - дейді қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепке.

Бұл әйелде үшінші босану. Ол 2015 және 2016 жылдары туылған тағы екі ұлдың анасы. Пандемия басталғаннан бері елордада коронавируспен ауырған 238 әйел сау нәресте туды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр