Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда қатаң карантиндік шаралар қайта күшіне енбек

Елордада қатаң карантиндік шаралар күшіне енуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева айтып берді. Ол халық талаптарға құлақ аспайтын болса, қайтадан қатаң карантин енгізілетінін жеткізді.

"Бірақ бәріміз көріп отырғанымыздай, бұл талаптар еленбейді және сақталмайды. Егер осылай жалғаса берсе, жалпы қала бойынша КВИ ауруының өсуіне әкелуі мүмкін. Біз белгілі бір қызмет түрлерін тоқтата отырып, қатаң шектеу және карантин шараларын қайта енгізуге мәжбүр боламыз", - дейді қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пралиева. 

Халықты шыдамдылыққа, санитарлық ережелерді сақтауға шақырған Жанна Пралиева дәрі саудасына қатыcты заң бұзушылықтарға да тоқталған. 

"Есепті кезеңде фармацевтикалық компаниялар қызметінің мониторингі нәтижелері бойынша 102 субъект тіркелмеген дәрілік препаратты сату және дәрі-дәрмектерге белгіленген шекті рұқсат етілген бағадан асып кету фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді бас санитар. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 29 Қыркүйек, 2020 15:10
Талқылау