Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда ер адам танысы мен олардың көршісін пышақтап кетті

Елордалық жол полиция қызметкерлері жедел іздестіру барысында өзінің танысын және оқиғаның кездейсоқ куәгері болған ерлі-зайыптыны пышақтады деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын ұстады.

Қарағандыда егізін пышақтап өлтірген 21 жастағы жігіт сотталды

Тергеу-жедел тобы қызметкерлерінің мәліметінше,  30 жастағы күдікті досына қонаққа келген. Ер адамдар өзара отырып ішімдік ішеді.

«Күдіктіге танысының баласымен сөйлескені ұнамайды. Баланы тәрбиелеуге байланысты келіспеушіліктің соңы жанжалға ұласады. Ер адам үстелден ас үй пышағын алып, серігінің ішіне сұғып алады», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан полициясы департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнынан қашуға тырысқан ер адам пәтерден жүгіріп шыққанда көрші азаматпен соқтығысып қалады. Бейтаныс азаматқа да пышақ сұғып, оның әйелінің қолын жарақаттайды. 

«Дереу келген полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған күдіктіні оқиға орнынан қашып кетуіне жол бермей, оны 15 минут ішінде қолға түсірді. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция сонымен қатар бұрын ұсталған адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын анықтады.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тергеу аяқталғанша изоляторда болады.

Талқылау