Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда ер адам итті көліктің артына байлап сүйреген

Әлеуметтік желіде қарлы боран мен аязда итті жол талғамайтын машинаның артына байлап сүйреген видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жағдай 25 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында орын алған.

Мұны көрген жұрт ашуға булыққан. Иесінің бұл әрекеті желідегілерді шошытты. 

Қалалық полиция Toyota Land Cruiser жүргізушісін тапқанын хабарлады.  Ол 20 жастағы азамат болып шықты.

Ол тәртіп сақшыларына итті жаттықтырып жүргенін айтты.

Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Талқылау