Нұр-Сұлтанда ер адам басшысымен ұрысқан соң өзін өртемек болды
Нұр-Сұлтан полициясы өзін-өзі өртемек болған азаматтың әрекетін алдын алды.
Елордалық полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, шамамен сағат 4.30-да 102 қоңырауына Қабанбай батыр даңғылында орналасқан кеңсе ғимаратында белгісіз біреу бензинді үстіне қойып, өзін өртеп жіберемін деп қорқытқандығы туралы хабарлама түскен.
Шақыру орнына тез жеткен патрульдік полиция қызметкерлері ер адамды тоқтатып, қайғылы жағдайдың алдын алды.
Ер адамның жеке басын анықтау және одан әрі қарау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Ол өз әрекетін жұмыс беруші арасындағы жанжалмен түсіндірді.
Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес ер адам мас күйінде болған.
Осы факт бойынша, әкімшілік материалдар. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "алкогольдік ішімдік ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда көріну" және "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қаралуда.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
