Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін пышақтап, кейін өзіне қол салған

16 қаңтарда Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің бірінде адам өлтіру оқиғасы болды. Ер адам әйелін пышақтап, содан кейін өзін-өзі өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қарағандыда егізін пышақтап өлтірген 21 жастағы жігіт сотталды

Пәтерлердің бірінде туыстар арасында жанжал болып, оның барысында күйеуі әйеліне пышақ жарақатын салған. Сосын қайын әпкесіне де бірнеше рет пышақ тыққан. Әйел пәтерден қашып шығып, көршілерінен көмек сұрап үлгерген. Олар полиция шақырған. Осы аралықта ер адам есікті жауып үлгерген. 



"Келген полиция қызметкері есікті ашып, 46 жастағы әйел мен оның жұбайының мәйітін тапты, ол өзін пышақтап тастады. Жедел жәрдем бригадасы келген бойда ер адамның қайтыс болғанын анықтады, - деп хабарлады Нұр-сұлтан ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау