Нұр-Сұлтанда балабақшалар қайта жабылды
Қалалық санитарлық дәрігер Жанна Пралиеваның шешіміне сәйкес, 23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық балабақшалар жабылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық санитарлық дәрігер Жанна Пралиева шешімімен 23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық мемлекеттік және жеке меншік балабақшалардың жұмысы тоқтатылды. Бұрын балабақшалар кезекші топтарда жұмыс істейтін, онда балалар саны бір топта 15 адамнан аспауы керек еді.
Эпидемиологиялық жағдайды және мұғалімдердің коронавирусты жұқтыру фактілерін ескере отырып, балабақшалардың қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Егер балаларды қалдыратын ешкім болмаса, ата-аналардың бірі қашықтан жұмыс режиміне ауысуы керек.
Жалпы, карантин кезеңінде мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларға балалардың жалпы санының 20 пайызы ғана барып жүрді. Қабылданған шаралар тек балалардың денсаулығын сақтауға және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған. Балабақшалардың қайта жандануы қаладағы індетке байланысты болады. Санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек: маска киіп, қолды антисептикпен тазарту және әлеуметтік қашықтықты сақтау керек.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
