Нұр-Сұлтанда ашық ауадағы барлық аттракционның жұмысына тыйым салынды
Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа құжатта жабық ғимараттарда қалалық мәдени іс-шараларды өткізуге тыйым салынатыны айтылған. Мұндай шараларды тек онлайн форматта өтізкуге ғана болады. Сондай-ақ саябақ аумағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түріне жұмыс істеуге тыйым салынып отыр.
"Ashyq жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін театрлардың, филармониялардың жұмысын отыратын орындар санының 20%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 24:00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру қажет", – деп жазылған қаулыда. Қаулы 2021 жылғы 2 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.