Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирус бойынша "сары" аймаққа жақындады

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтан мен Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша "сары" аймаққа жақындап қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маусым айының ортасынан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өскен.

"Вирус жұқтырғандар саны бірте-бірте өсе бастады. Күніне 50 жағдайдан басталды, ал кеше 110 жағдай тіркелді. Апталық нәтиже бойынша 3,6 есеге өсу байқалады. Аурудың өсуі негізінен Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалды", – деді бас дәрігер.

Есмағамбетова вирус жұқтырғандардың басым көпшілігі қайта вакцинациялаудан өтпегендер екенін айтты.

“Эпидемиологиялық тексеру барысында ауруға шалдыққандардың 80 пайызы екпе алмағандар немесе соңғы екпе немесе ревакциналаудан кейін алты айдан астам уақыт өткен адамдар екені анықталды", – деп нақтылады Айжан Есмағамбетова.

Сонымен қатар, екі қала “сары” аймаққа жақындап қалғаны белгілі болды.

"Қазіргі таңда бүкіл халықтың 56 пайызына бірінші компонент егілді. Ревакциналау да жалғасуда – 4,8 миллионға жуық адам егілді, бұл барлық вакцина алғандардың 68 пайызын құрайды. Бүгінде эпидемиологиялық жағдай нашарлауда. Әзірге қосымша шектеулер енгізу туралы айтылмады. Бірақ эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан мен Алматы "сары" аймаққа жақындап келеді”,  – дейді ол. 

Талқылау