Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан маңында карантин режимін бұзған ер адамның полициямен қақтығысқан видеосы пайда болды

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан маңындағы Қосшы ауылында полицей мен ер адамның арасындағы жанжалдың видеосы таралып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қақтығыс

Кадрларда ер адамдардың бірінің полиция қызметкерін итеріп, айқайлағанын көруге болады. 

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Қосшы тұрғыны полицейлерге қарсылық көрсеткенін мәлімдеді.

"Кең таралған бейнежазбада ер адамның тәртіп сақшысына агрессивті түрде бағынбағанын және күш көрсеткенін көруге болады. Анықталғаны, аталған оқиға "Лесная поляна" тұрғын үй кешенінің 26-үй ауласында болған. Полиция қызметкері елді мекенді патрульдеу кезінде балалар алаңының аумағында төтенше жағдай режиміне және күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, кішкентай баласымен жүрген әйелді байқаған", - деді полицияда.

Полиция қызметкерінің карантин режимін бұзғаны туралы және үйге қайту туралы ескертуіне бағынбаған әйел, өзімен бірге тұратын ер адамды шақырған.  Полиция қызметкерінің заңды әрекеттеріне ер адам кедергі жасап, күш көрсетіп, жұдырығымен төбелеске түспек болған. Сондай-ақ, қақтығысқа үлкен ұлы мен кездейсоқ өтіп бара жатқан адам да қатысқан.

"Қосшы ауылының 39 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 380-бабы бойынша (билік өкіліне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктінің 38 жастағы бірге тұратын әйелі ҚР ҚК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қақтығысқа үшінші қатысушы - полиция қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылықты қолданған кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам іздестіріліп жатыр", - деді Ақмола облысының полиция департаментінде.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @aqmola_pd

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр