Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан әуежайына АҚШ әскери ұшағы қонған – Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттарының әскери ұшағының елорда әуежайына қону себебін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұшақ

4 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарында елорда әуежайына АҚШ Әскери-әуе күштеріне тиесілі Boeing C-17A ұшағының қонғаны туралы ақпарат тараған болатын.

"Бұл ұшақ америкалық тараппен арадағы уағдаластық бойынша ұшып келді. Ол Америка Елшілігіне дипломатиялық жүк әкелді. Мұндай тәжірибе бар. Дипломатиялық жүк тасымалдайтын барлық ұшақ АҚШ Әскери-әуе күштеріне тиесілі. Сондықтан олар әскери ұшақтар. Көптеген адамда неліктен ол әскери деген сұрақ туындайды. Бұған дейін ол өңірлерге, бірқатар елге пошта жеткізген. Ұшақ бір жарым сағаттай тұрды. Жүгін түсіріп, ұшып кетті", – деп түсіндірді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингіде.

Талқылау