Нұр-Сұлтан әкімі отбасылық жиындар мен қонаққа барудан бас тартуға шақырды
Елорда әкімі Алтай Көлгінов отбасылық жиындар мен қонаққа барудан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Эпидемиологиялық жағдай мен өтініш білдірушілер санының артуын ескере отырып, коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық шұғыл әрекет ету штабында бірқатар мәселелер қаралыпты.
Атап айтсақ:
Бірінші. Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар үшін қосымша 400 провизорлық орын ашылды. Бұған дейін пневмония мен ОРВИ бар емделушілер үшін жеке корпустар ашылған болатын. Оларды коронавирусқа қосымша тексереді.
Екінші. Симптомсыз тасымалдаушыларын емдеу үшін телемедицинаға көшу туралы шешім қабылданды. Медицина қызметкерлері бейнеқоңыраулар арқылы тұрғындардың денсаулық жағдайын қадағалайды.
Үшінші. Шетелден ұшып келген әуежолаушыларды оқшаулау тәжірибесі жалғасады.
Төртінші. Ұйымдар қызметкерлерді қашықтан жұмыс жасау режиміне барынша көшіруі қажет.
Бесінші. Отбасылық жиындар мен қонаққа барудан, үлкен топпен жиналудан бас тарту қажет. Сақтық шараларын сақтай отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қауіпсіз ете аласыз.
Күн сайын әкімдіктің мобильді тобы полиция қызметкерлерімен, санитарлық дәрігерлермен, волонтерлермен бірлесіп рейдтер жүргізіп жатыр. Тәртіпбұзушылық болған жағдайда нысандар жабылады деп қосты қала әкімі.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
