Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Cұлтанда 800-ден астам отбасы апатты жағдайдағы үйлерден жаңасына көшіріледі

Ескірген және тозығы жеткен тұрғын үйлерде тұратын 800-ден астам отбасы 2020 жылы жаңа үйлерде қоныс тойын тойлайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

үй

Нұр-Сұлтан әкімдігінің мәлімдеуінше, апатты жағдайдағы тұрғын үйлердің ішінде 1931 жылы Ұлы Отан соғысына дейін салынған үйлер бар.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ескі үйлерді аралап, тұрғындармен әңгімелесті.

Сарыарқа ауданындағы Бесшатыр көшесіндегі 8 үйдің тұрғындары апаттық жағдайда тұрған үйлерді бұзу мәселесін көтерді.

"Үй көз алдымызда сүріліп жатыр. Қыста көппәтерлі үйді көмірмен жылытамыз. Үй суық", - деді тұрғындар.

Күлгінов қалада ресми түрде 125 үй апатты деп танылғанын атап өтті.

"Қалада 125 апатты үй бар. Сіздің ауданда былтыр болып, осы жылы сүрілетін үйлердің қатарына қостық. Осы үйдің барлық отбасылары жаңа жылды жаңа пәтерлерде қарсы алады. Биыл 800 - ден астам отбасын жаңа үйлерге көшіреміз", - деп жауап берді Күлгінов.

Алтынсарин көшесінің бойындағы 90 жыл болған үй де тізімдген енді.

Сондай-ақ, жанына темір жолдар салынған барак типтес үйлер де жойылады.

Тұрғындар балалары пойыз астына түсе ме деп қорқады.

"Вагон рельстен шығып, біздің үйімізге жақын жерде құлап кеткен жағдай болды. Балаларды көшеге жіберуге қорқамыз", - деді тұрғындар.

Күлгінов мәселені шешуге уәде берді және осы жылы кезекте тұрғандар үшін 8 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынатынын атап өтті.

 

Талқылау