“Шаршадым”: Нұржан Керменбаев кей дуэттерге қыздардың көңіліне қарап келісе салған
Нұржан Керменбаев қыздармен дуэт айтудан шаршаған. Кап-карашканың айтуынша, осы уақытқа дейін жазылған дуэттердің ішінде қыздардың көңіліне қарап, келісілгендері болған.
Бұл туралы “Ел аузында” бағдарламасына сілтеп Stan.kz жазады.
“Өзімнің дуэттерімнен өзім кішкене шаршадым. Дуэттің түр-түрі болады. Кейде екі көзқарастың бір көзқарасқа барып тоқталған кезі болады. Содан әдемі шығармашылық, әдемі дуэттер болады. Кейде адамның көңіліне қарау дуэті болады”, – дейді Нұржан.
Алайда Керменбаев кімнің көңіліне қарағанын ашып айтпады. Есесіне кімге алғаш болып өзі ұсыныс білдіргенін айтып өтті.
“Көптеген дуэттерді өзім ұсындым. Оның ішінде “Мұның дұрыс болмады” әнін Жанар Дугаловаға ұсындым. Әнді жарты жылдай жасадық”, – дейді Нұржан.
Кап-карашка 2019 жылы отбасына көбірек көңіл бөлмек. Ол тыңдармандарына биыл көптеген тосынсыйлар күтіп тұр деп уәде берді.
“Биыл келіншегіммен отбасын құрғанымызға 5 жыл болып жатыр. Соны атап өтеміз. Алла қаласа, өзім 30-ға толып жатырмыз. Екінші ұлым 1-ге келеді. Тойлайтын нәрсе көп. Соның аясында жеке һнерідмді де отбасыммен ұштастырғым кеп жатыр. Сүйікті көрермендеріме тосынсыйларым бар. Күтіңіздер”, – дейді Нұржан.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
