Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай депутаттыққа ұсынылған әріптестерін кейбір “ақылсыз” режиссёрларға теңеді

Кино саласында өзіндік орны қалыптасып үлгерген актер, әрі режиссёр Нұртас Адамбаев бүгінгі күні депутат болуға ұмтылып жатқан үміткерлер жайлы пікірін айтты.

12568896_664240050346109_651348718_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Шынымды айтсам, бәрінің заң шығарушы органдар орнына ұмтылып жатқаны, жан дүниеңді ауыртады екен. Оларды бұл қызметті атқара ала ма, жоқ па, ол ойландырмайтын сияқты. Бастысы соған жетсе болды. Меніңше, олар елдің жағдайын жақсартуға емес, тек депутат болуға ғана ұмтылады. Өйткені, абыройлы атақ қой. Депутат болса, туыстары арасында да беделі өсіп, олардың балаларына үлгі болады. Төстеріне көк түсті белгіні тағып алып, ақылды кейіп танытып, қарапайым халықтан не керегін сұрап, соны жөнге келтіруге уәде беріп жүреді», – деп жазады режиссер Facebook парақшасында.

Бұл көрініс кино саласындағы көптеген режиссерларды еске түсіреді. Ондай «режиссерларға», негізінен, «director» деп аталатын орында ақылды кейіппен отырғаны, айналасындағылардың шай тасып жүргені маңызды секілді. Сөйтіп отырып сценарийлерді  түзеген болады.

Бірде комедия түсірген кино саласының майталманын суреттен көріп қалдым. Оның суретке салмақты, ақылды түр жасағысы келгені көрініп тұр. Алайда, ол комедиядағы динозаврдың сүйегін жоғалтып алған археологқа көбірек ұқсайды.

Бір кездері маған «Сен режиссерсың, сен актерларға жақындамуың керек. Оларды ассистентер шақыруы тиіс. Сен мұнда бұйрық беру керексің. Сен өз беделіңді түсірмеуің керек. Ондай жұмыстарға арнайы адамдар бар», – деген еді. Сол сәтте мен кейбір адамдардың тек режиссер болып ойнайтынын түсіндім. Оларға істің нәтижесі емес, өзгелердің көзқарасы, режиссер деп мойындағаны әлдеқайда маңызды.

Сол сияқты бүгінде депутат болуға талпынып жатқандар да, әйтеуір депутат атанғысы келетіндер.

Бұл менің өз қиялымнан туған жеке пікірім.

Неліктен біздің елде бастық, депутат болуға жанталасып жатады? Ата-аналар балаларына кішкене кезінде «бастық боласың» деп жататын еді ғой. Мүмкін содан шығар. Біздікілер үшін мансап оның атқаратын рөлінде емес, атағында сияқты. Біздің жігіттер «гитарамен тұрамын ба жынды сияқты тойда?» деп кейбір жұмыстарды намыс көреді. Ал, Ташкенттен келген жігіттер қандай жұмыс болса да істеуге әзір болып, әйтеуір нәпақа табуды көздейді. Ал, біздікілер баяғыда өзіне айтқандай өзінің қашан «бастық болатын» сәтін күтіп жүре береді.

Талқылау