Батыс Қазақстанда жол апатынан екі мектеп оқушысы қаза тапты
Видеодан скрин
Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жасөспірім қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қайғылы оқиға 21 сәуір күні сағат 11:00 шамасында Бәйтерек ауданы аумағындағы Переметное-Белес тас жолында болған. Jac N56 және ВАЗ-2110 автокөліктері соқтығысқан.
“Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушылары оқиға орнында қаза тапты. Жеңіл көлікте 2008 және 2010 жылы туған жасөспірімдер болған. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр. Полиция департаменті марқұмдардың отбасына қайғыра көңіл айтады және ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беру қажет екенін ескертеді”, — делінген ведомство хабарламасында.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қаза болғандардың екеуі де мектеп оқушылары. Біреуі 15 жаста, екіншісі 13 жаста.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда жүк көлігі жеті жасар қызды қағып өлтіргені туралы жазған едік.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты