Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде жыл адамы атағын иеленді
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық саясаттағы еңбегі мен Евразиялық экономикалық одақты нығайтуға қосқан үлесі үшін жыл адамы атағын иеленді.
Фото: akorda.kz
Бұл туралы Орыс биографиялық институтының ресми сайты мәлімдеді.
“Жыл адамы – 2016” марапаттау салтанаты Мәскеудегі ғибадатхананың Сергиев залында өткен. Президент бұл атақты бұған дейін 2012, 2014 және 2015 жылдары да алған болатын.
Мемлекет басшысы “Халықаралық саясат” аталымы бойынша әлемдік саясат пен ЕЭО-ны нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталып отыр. Назарбаевтан бөлек, институт атағын иеленгендердің қатарында Ресей президенті Владимир Путин мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин де бар.
Қытай басшысы Ресей мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытып, саяси диалогтарды жоғары деңгейге көтергені үшін марапатталса, Путинге Ресейдің мемлекеттік позициясын нығайтқан еңбегі үшін марапат табысталып отыр.
Оқи отырыңыз:
Министр 16 желтоқсандағы әлеуметтік желілердің істен шығуына қатысты пікір білдірді
Жақып Асанов өзіне қысым көрсеткен облыс прокурорларының сазайын бермек
Назарбаев Астанадағы биік ғимараттардың кімнің ақшасына салынғанын айтты