Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемге ортақ криптовалюта енгізуді ұсынды
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан экономикалық форумда халықаралық қауымдастықты халықаралық есептеу-төлем бірлігін енгізу мәселесін қарауға шақырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
“Халықаралық қаржы архитектурасына өзгеріс енгізетін кез жетті. Енді бізге халықаралық есептесу-төлем бірлігін енгізуді қарастыру қажет. Ол әлемнің валюталық соғыстан, спекуляциядан, сауда қатынастарындағы қателіктерден аулақ етіп, нарықтағы құбылмалылықты азайтады”, – деді Назарбаев.
Президенттің сөзінше, валюта қарапайым, ашық болуы тиіс.
“Ондай төлем бірлігі криптовалюта түрінде құрылса болады”, – деді мемлекет басшысы.
“Бұл валюта демократияшыл болып, оған әлемнің барлық елінен тұтынушылар қатысуы керек. Сол себепті біз тек G20 ғана емес, бұл маңызды шараға одан да көп мемлекеттер қатысуы үшін G-Global-ды ұсындық”, – деді президент.
Президент бұл ретте барлық елдердің бір-бірімен тең болып, әділеттілік орын алуы керектігін баса айтып өтті.
Оқи отырыңыз:
Доллардың теңгеге шаққандағы бағасы қымбаттап кетті
Казкоммерцбанкті сату туралы келісімге қол қойылды
Арзан ипотека: Аз төлеп, баспана алу үшін не істеу қажет
Қазақстан банктерінде базалық ставка 10,5%- ға дейін төмендеді