Камерасы анық түсіреді, дыбысы қатты шығады
HUAWEI MatePad 11.5 планшетінің камерасы күнделікті өмірдегі маңызды сәттерді әдемі әрі сапалы етіп түсіруге көмектеседі. Негізгі 13 мегапиксельдік камерасының диафрагмасы f/1.8 болғандықтан, жарық аз жерде де бейнеге, суретке анық түсіреді. Мысалы, қараңғы бөлмеде құжат түсіру керек болса немесе кешке табиғатты суретке түсіргіңіз келсе — осындай камерасы бар планшет таптырмас көмекші.
Ал планшеттің HUAWEI Histen 9.0 дыбыс жүйесі сөйлескенде, онлайн сабақта, видеоқоңырауда дауысты анық әрі таза етіп жеткізеді. Қолданушы да өзгелердің даусын естиді және планшет арқылы музыканың, фильмін дыбысы қатты шығады.
HUAWEI MatePad 11.5 – әмбебап құрал. Неге?
Қазіргі заманда технология дамыған сайын, күнделікті өмірде біз бірнеше құрылғыны қатар қолданамыз. Смартфон – қоңырау шалу үшін, ноутбук – жұмыс пен оқу үшін, компьютер – ойын ойнауға, теледидар – фильм көруге, фотоаппарат – сапалы суретке түсіруге, ал электрон кітап – оқуға арналған. Huawei осының бәрін бір құрылғыда біріктіріп, әмбебап планшет – HUAWEI MatePad 11.5 моделін ұсынды.
- Байланыс және видео көру үшін ыңғайлы
Планшетке WhatsApp, Zoom, Teams сияқты қосымшаларды жүктеп, басқалармен оңай байланыс орнатуға болады. Құрылғы арқылы жақындарызға хабарласып, сөйлесіп, видеоқоңырау жасау да оңай. Оның үстіне, планшетті өзіңізбен бірге кез келген жерге алып жүре аласыз. Өзі тым үлкен де емес, тым кішкентай да емес. Мұндай құрылғы арқылы сүйікті фильміңізді де тамашалаған ыңғайлы.
- Ноутбукке айнала алады
HUAWEI MatePad 11.5 планшетіне WPS Office бағдарламасының компьютерлік нұсқасы орнатылған. Бұл планшет ноутбук немесе компьютердегідей толық интерфейс пен қызметтер ұсына алады деген сөз. Бағдарламаның терезесін қалағандай үлкейтіп немесе кішірейтіп, экранның кез келген жеріне қоя аласыз. Бір құжатты жазып жүріп, екінші құжатқа немесе басқа бағдарламаға оңай ауыса аласыз. Бірнеше құжатты бір уақытта ашып, арасында ауысу оп-оңай.
Тіпті, планшеттің қажет кезде тағып-шешуге болатын, жеп-жеңіл пернетақтасы да бар. Пернетақта планшеттің бұрыштарына арнайы бекіткіштер арқылы жалғанып тұрады, сондықтан планшетті жақсы ұстайды әрі қорғайды. Бұл пернетақта Bluetooth арқылы қуатталады және қуаты ұзаққа жетеді. Ал планшетке тышқан жалғап қойса, экранда компьютердегі сияқты курсор пайда болады. Осылай, қолданушының планшеті бір сәтте ноутбукке айналып, емін-еркін жұмыс істеуге не сабақ оқуға мүмкіндік береді.
- Жұқа әрі жеңіл кітап бола алады
Төртіншіден, планшеттің экраны 3:2 пішімінде жасалған. Оны тік ұстағанда кітап сияқты көрінеді, сондықтан кез келген жерде мәтін немесе кітап оқуға өте ыңғайлы. Мысалы, автобуста немесе саяхатта отырып, артық кітаптарды көтермей, бәрін планшеттен оқи аласыз. Тура кітаптағыдай екі бет етіп бөлуге де болады. Ал үлкен экранын көлденең ұстағанда оған бірден көп сурет пен ақпарат сыйып кетеді.
HUAWEI MatePad 11,5 планшетінде "Түрлі-түсті электрон кітап" деген арнайы режим бар. Ол экранның жарығы мен түстерін реттеп, көзге салмақ түсірмейді. Сондықтан ұзақ оқысаңыз да, көзіңіз шаршамайды, қағаздан оқығандай болады.
- Блокнот сияқты планшет
HUAWEI MatePad 11,5 планшетінде жақсы HUAWEI M-Pencil стилусы бар. Бұл стилуспен жазған немесе сурет салған ыңғайлы, экранды жақсы сезеді. Планшетте "Блокнот" деген бағдарлама да бар. Сол бағдарламада жазған қолжазбаңды таза әрі оқуға жеңіл шрифтке оңай ауыстыруға болады. Сондай-ақ, әртүрлі мұқаба, стикер қосып, оларды ұлғайтып-кішірейте аласыз. Бұл планшетке стилусы арқылы жазып, сурет салғанда құдды бір кәдімгі қағаз блокнот қолданғандай боласыз.
Тағы бір ерекше қызметі бар. Мәселен, онлайн сабаққа қатысып, оқытушының дәрісін тыңдап отырсыз делік. Сол уақытта “Блокнот” қосымшасынан аудиожазбаны қосып қоясыз. Оқытушыны тыңдап отырып, маңызды жерлерді блокнотқа түріп аласыз. Кейін сол сабақ бойы қосылған аудиожазбаны қайта тыңдай аласыз және сол түртіп отырған ақпаратыңыз да қатар көрініп тұрады. Бұл — сабақ не жиналыс кезіндегі маңызды сәттерді тез еске түсіруге көмектеседі. Жазбаларды құлыптап қоюға болады, яғни, қалаған бөлігіңізді ғана басқаларға көрсете аласыз. Қалған барлық жазбаңыз қауіпсіз жерде көрінбей тұрады.
SuperHub мүмкіндігі
HUAWEI MatePad 11,5 планшетінде SuperHub қызметі бар. Бұл функция арқылы планшет, телефон немесе компьютер арасындағы мәтін, сурет немесе видеоны бір құрылғыдан екінші құрылғыға жай ғана сырғытып жіберуге болады. Мысалы, телефондағы фотоны басып ұстап, планшетке сүйреп әкелесеңіз, планшетке карта түрінде түседі. Кейін оны ашып, қолдана беруге болады.
AppGallery қосымшалар дүкені
Huawei компаниясының AppGallery деген ресми дүкені бар. Сіз сол арқылы бір аккаунтпен барлық Huawei құрылғыларына кіріп, керек қосымшаларды оңай таба аласыз. AppGallery қолданушының қызығушылығына қарай ұсыныс береді, сондықтан ойлаған бағдарламаны іздемей-ақ тез табасыз. Мұндағы қосымшалар қауіпсіз. Оқу немесе жұмыс үшін керек бағдарламаны еш алаңсыз жүктеп, емін-еркін қолдануға мүмкіндік бар.
Қуаттағышы
HUAWEI MatePad 11,5 планшетін бір рет қуаттасаңыз, 14 сағатқа дейін пайдалана аласыз. Күні бойы қуаты таусылып, жұмысыңызға кедергі болмайды. Қуаты азайса, 40 Вт болатын HUAWEI SuperCharge арқылы тез толтырып аласыз. Айтпақшы, планшетті кез келген жарамды қуаттағышпен қауіпсіз қуаттауға болады. Сондай-ақ, стилус пен пернетақты бөлек қуаттаудың қажеті жоқ.
Қорытындылай келе, HUAWEI MatePad 11,5 — көп функциялы, жеңіл әрі ықшам планшет. Бұл планшет үлкен әрі сапалы экраны, стилусы және пернетақтасы арқылы ноутбук, блокнот, кітап сияқты бола алады. Сондықтан құрылғы студенттерге де, шығармашыл адамдарға да, үнемі сапарда жүретіндерге де, жалпы кез келген адамға таптырмас құрал.