Ninety one тобы: Бізді құбыжық көрудің қажеті жоқ
Атышулы Ninety one тобы топқа келмес бұрын қоғамда шу шығатынын білгендерін, себебі мұндай стильге қазақ халқының жатсына қарайтынын жеткізді. Топ солистері өздерінің сырт келбеттеріне қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы «Жұлдыздар отбасы» басылымы жазды.
«Менің ойымша, патриоттық сырт бейнемен өлшенбейді. Ол жүректе маздап жанып тұруы керек. Біз таза қазақпыз. Біздің елге, жерге деген адал махаббатымызды білгілеріңіз келсе, әндерімізді тыңдаңыздар, жанымызға үңіліңіздер. Киім ештеңені білдірмейді. Образға байланысты осылай болу керек. Әртіс – әртіс сияқты жүруі тиіс.
Сырт бейнемізді өзгерттік. Бірақ оған бола бізді «құбыжық» көрудің қажеті жоқ. Негізі, бізде іштей өзгерістер болды. Алғаш топқа келгенде бесеуміз де бала сияқты едік. Бұл жер бізді тез есейтіп жіберді. Жан-жақты тәрбиеледі», – дейді топ мүшесі Zaq.
Сол сияқты топ солисі Alem ештеңеге қарамастан, бұл топқа келгеніне ешқашан өкінбейтінін айтып өтті.
«Бұл жобаға келгеніме ешқашан өкінген емеспін. Себебі жұрттың біз туралы қандай пікір айтатынын алдын ала білдік. Оған психологиялық, моральдық тұрғыдан дайындалдық. Біз ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймыз. Кім не айтқысы келеді, айта берсін. Ең бастысы, біз мұндай алып қашпа сөздерге мән бермейміз және көңілімізге алмауға тырысамыз. Уақыт өте келе бұл образға қазақ халқы да үйренеді», – дейді ол.
Айта кетейік, жуырда ғана атышулы топ шаштарын қара түске бояп, сырға мен жұлқынып би билеуден бас тартқан болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Ерке Есмахан «Баян Есентаева өзінен кеткен қыздардың жолын бөгеп тастайды» дегендерге жауап берді
Арыстанбек Мұхамедиұлы Роза Рымбаеваға күтпеген жерден тосынсый жасады
Саят Медеуов Ұлықпан Жолдасовты ұзын шашынан тартып алды
Жанболат әдемі қалпында қалдыру үшін Жазираны тоңазытқышта сақтайтынын айтты
Ұлықпан Жолдасовтың шын есімін білген желі оқырмандары таңғалып қалды