Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нығматулинге тиесілі зауыттағы 4 жұмысшының өлімі: Оқиғадан 6 айдан астам уақыт өтсе де күдіктілер әлі анықталмаған

Қарағандыдағы Ерлан Нығматулинге тиесілі "YDD Corporation" ферроқорытпа зауытындағы жұмысшылардың өліміне қатысты іс бойынша, қайғылы оқиғадан алты айдан астам уақыт өтсе де, күдіктілер әлі анықталмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: yddcorp.kz

Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаменті мәлімдеді. 

"Қажет сараптамалар тағайындалды, бірақ олар әлі дайын емес. Сараптама нәтижелерін күтіп отырмыз", – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция тергеу "еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу, абайсызда екі не одан көп адамның өліміне себеп болған" бабымен жүргізіліп, қазір тек оқиға фактісі бойынша тергеліп жатқанын, нақты күдіктілердің анықталмағынын атап өтті.

Еске салсақ, 2024 жылдың 20 шілдесінде Қарағанды ферроқорытпа зауытында апат болып, 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алғаны туралы жазған едік. Апат болған YDD Corporation зауытының иесі парламент мәжілісінің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің егіз інісі – бұрынғы депутат Ерлан Нығматулин екені белгілі болды. Апатта жараланған 4 жұмысшы ауруханада көз жұмды. 

Талқылау