Ферроқорытпа зауытындағы апат салдарынан қайтыс болғандардың саны 4 адамға жетті
Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған апат салдарынан екі жұмысшы ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тағы екі адам есін жимастан ауруханда қайтыс болды.
“Интенсивті реанимациялық шаралардан кейін 1981 және 1987 жылы туған екі науқас өз-өзіне келместен көз жұмды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін соңына дейін күресті”, – делінген хабарламада.
- "Ресейлік компания алтын өндіреді": Қостанай облысында астық сақтайтын қойманы жарып жіберді (видео)
Осыдан екі күн бұрын 32 жастағы пеш меңгерушісі Исмаилов Мұзафар Имантайұлы мен технолог Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы денесінің көп бөлігін күйік шалғаннан қайтыс болған еді.
Еске салайық, 20 шілдеде Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшы әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын жазған едік. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия да құрылған.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"