Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға төлемақы беріледі деген ақпарат жалған – Министрлік

тіс емдетемін деп зейнетақы қорынан ақша шешіп алған

Желіде 2026 жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға еңбекке жарамсыздық бойынша төлемақы беріледі деген ақпарат тарады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желідегі тараған ақпаратта төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – МӘСҚ) қаражаты есебінен берілетіні көрсетілген. Алайда министрлік бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін жеткізді.

“Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, МӘСҚ қаражаты есебінен әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына тек мынадай әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда ғана жүзеге асырылады:

  • - еңбек қабілетінен айырылу;
  • - асыраушысынан айырылу;
  • - жұмысынан айырылу;
  • - жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу;
  • - баласы бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу.

Осыған байланысты МӘСҚ қаражаты есебінен уақытша еңбекке жарамсыздық (ауру парағы негізінде) бойынша төлемдер жалдамалы қызметкерлерге де, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға да көзделмеген”, – делінген хабарламада. 



Ведомство 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін әлеуметтік төлемдер төлеуді қарастыратын жаңа салық режимі енгізілетінін мәлімдеді.

“Бұл режим бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан азаматтар әлеуметтік тәуекелдер (мысалы, еңбекке жарамсыздық, жүктілік және т.б.) туындаған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) есебінен төлемдер алуға құқылы болады. Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз”, – делінген хабарламада. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 21 Қазан, 2025 14:12
Талқылау