Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актерді көру үшін сахнаға жүгірген: Үндістанда митинг кезінде жаппай жиналған халық бір-бірін таптап, 39 адам қаза тапты

Үндітан адамдар жаппай жиналып бір бірін таптағанФото: Желі кадрларынан скрин

Үндістанда Кемінде саяси митинг кезінде адамдардың жаппай жиналуынан 39 адам қаза тауып, 50-ден астамы жарақат алған. Митингті актер Виджай ұйымдастырғандықтан жиналған жұрт жаппай сахнаға қарай ағылғанда адамдар құлап тапталып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Құрбандардың көпшілігі – әйелдер мен балалар. Қайғылы оқиға 27 қыркүйек күні кешке Үндістанның Тамилнад штатында белгілі актер Виджай ұйымдастырған саяси митинг кезінде орын алған. Бұл шара оның "Тамилага Веттри Кажагам" партиясын қолдау мақсатында өткізілген. Митингіге ондаған мың адам жиналған. 

Куәгерлердің айтуынша, сахнаға қарай ағылған жұрт арасында дүрлікпе туындап, кей адамдар есінен танып қалған. Ал кейбірі тапталып кеткен. Жедел жәрдем көліктері көпшіліктің арасынан әрең өткен.  

Ресми мәлімет бойынша, 46 адам жекеменшік клиникаға, 12 адам мемлекеттік ауруханаға жеткізілген.

Билік қаза тапқандардың отбасына 1 миллион рупий (шамамен 11 мың АҚШ доллары) көлемінде өтемақы төлейтінін және оқиғаның мән-жайын анықтайтынын мәлімдеді. 

STAN.KZ
Жексенбі, 28 Қыркүйек, 2025 11:21
Талқылау