Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7000 жүрек спорт ырғағымен соқты: Bank RBK Shymkent Marathon қатысушыларын біріктірді

Шымкентте жүгіруден марафон өтті

14 қыркүйек жексенбіде Шымкент қаладағы әдеттегі у-шу дыбыстан емес, жол бойымен жеңіл қарқынмен жүгірген спортшылардың қадамынан оянды. Мыңдаған тұрғын даңғыл мен көшелерге шығып, қаланы жүгіруге арналған үлкен алаңға айналдырды. Оныншы мәрте ұйымдастырылған Shymkent Marathon еліміздің үшінші мегаполисін ортақ қозғалыстың, спорт пен достықтың алаңы ретінде біріктірді.

Күннің алғашы сәулесі түсе сала, старт аркасы үстінде әуен ойнап, спортшылардың нөмірлері мен әртүрлі елдердің жалаулары көрінді. Жанкүйерлер барабан қағып қолдау білдірсе, еріктілер су ұсынып, “әкел бесті” деп қолын созды. Қоңыр күздің иісі мен жарыс алдындағы толқу ерекше атмосфера сыйлады.

Марафонға 17 елден, 120-дан астам қаладан 7000 адам қатысты. Бұл жай ғана сан емес, себебі әр қатысушының артында үлкен дайындық, жеке оқиға мен толқу сезімі бар. Біреулер 5, 10 немесе 21 шақырымды алғаш рет жүгірсе, енді бірі тәуекел етіп, марафонды толық аяқтады. Кейбірі скандинавиялық жүріспен жүрсе, бірқатары балаларымен бірге жүгіріп, жарысты отбасылық мерекеге айналдырды.

Bank RBK үшін бұл марафон тек серіктестік жоба емес. Бұл – банктің философиясын көрсететін іс-шара: адамдардың өміріндегі маңызды сәттерде жанынан табылып, қолдау көрсету, шабыт беру және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу.

"Стартта да, мәреде де мыңдаған адамның күлімдеп, мақсатқа ұмтылғанын көргенде спорт пен қаржының ұқсас екенін түсінесіз: екеуінде де ерік-жігер, дұрыс жоспар және нәтижеге сенім қажет. Біз үшін осы марафонның бір бөлігі болу – үлкен мақтаныш", – деді Bank RBK басқарма төрайымы Наталья Акентьева.

Bank RBK қызметкерлері де марафонға қатысты. Фирмалық жейде киген команда бірден көзге түсті. Көпшілігі алғаш рет жүгірсе де, белсенділігі мен жігері көрініп тұрды және бұл олардың соңғы марафоны болмайтыны анық.

Жеңімпаздар ерекше қошеметке ие болды. Марафонның негізгі 42 шақырымын ерлер арасында Алматы тұрғыны Ислам Аманғос 2:27:49 нәтижесімен, әйелдер арасында Астана тұрғыны Әлия Тұранова  2:53:41 нәтижесімен артта тастап, жеңімпаз атанды. Жас ерекшелігіне қарай есептегенде жалпы 132 спортшы жеңіс тұғырына көтерілді. Олардың жетістігі – мерейтойлық марафонға шырай беріп, Шымкент трассасының нағыз спорттық сенсация бола алатынын дәлелдеуі болды.

Шымкентте жүгіруден марафон өтті

"Серіктестеріміз қолдамаса, мерейтойлық Shymkent Marathon осындай ауқымды әрі әсерлі болып өтпес еді. Сондықтан Bank RBK-ға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Олардың қаншалық кәсіби әрі белсенді болғаны дайындық кезінен бастап, марапаттау сәтіне дейін сезілді. Бизнес өкілдерінің спортқа қосылып, салауатты өмір салтын қолдағаны біз үшін өте маңызды", – деді "Шымкент Марафон" қоғамдық қорының құрылтайшысы Қарлығаш Бекбосынова.

Трассада әртүрлі адамды кездестіруге болады: мектеп оқушылары, студенттер, дәрігерлер, ІТ-мамандар, зейнеткерлер. Мәселен, 90 жастағы Шымкент тұрғыны Нина Бабенко да марафонға қатысып, жүгірді.

“Шамам жеткенше жүгіріп келемін (күледі). Немерелеріме күнделікті өмірде спортқа көңіл бөлу керек екенін және ешқашан жаңа нәрсені бастауға кеш емес екенін көрсеткім келеді", – деді Нина Бабенко. 

Осындай оқиғалар марафонды тек спорт жарысы емес, қаланың және тұрғындарының бейнесін көрсететін үлкен оқиғаға айналдырады. Барлығы бір мақсатқа бірге қадам басып келе жатқанын сезеді. Марафон мәресі жаңа бастаманың символы болып, Bank RBK мыңдаған адаммен бірге жаңа жеңістерге, рекордтар мен армандарға қарай алға басатынына сенімді.

№1.2.100/245/41 лицензиясы, ҚРҚҚҚА берген күні – 05.04.2021 ж.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек, 2025 14:52
Талқылау