"Қолма-қол ақшамды алды, бірақ аударым жасамады": Қазақстандық ару шетелдіктердің алаяқтық әрекеті жайлы ескерту жасады
Фото: Видео кадрларынан скрин
Желіде алматылық ару көшеде кезігіп ақшаны қолма-қол айырбастауды сұрайтын шетелдіктерден сақ болуды сұрады. Айтуынша, олар қыздың қолма-қол ақшасын алып, кейін аударып жібермеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бойжеткеннің айтуынша, оқиға Атакент жақта болған.
“Достар жайсыз жағдай туралы айтып берейін. Жұмыстарыммен шығып, құрбымды күтіп отыра тұрдым. Сол кезде жаныма сөмке, чемодандарымен екі ресейлік келеді. Олар 2 мың теңге қолма-қол ақша сұрап, оны картаға аудару арқылы қайтаратындарын айтты. Өздерінің басқа елден қыдырып келгендерін жеткізді. Басында Қырғызстан, Өзбекстаннан келген шығар деп ойлап келісімімді бердім. Сөйтіп ақшаны аудардым. Сосын телефоннан қарасам олар Ресейден екен. Мұны маған бірден айтқан жоқ, бірақ телефоннан байқап қалдым. Алайда ойымда ештеңе жоқ. Олар елдеріндегі жағдайға байланысты бізге келген шығар деп те ойладым. Сөйтіп мен оларға ақшамды беремін, олар да маған аударғандай болды. Сол сәтте құрбым хабарласып тез-тез кетіп қалдым. Сөйтіп бір сағаттан кейін қарасам әлі ақша түспеген”, – деді ол.
Кейін ол банк операторымен байланысқа шығып мән-жайды түсіндірген. Ол әдетте мұндай 15-20 минутта түсуі керек деп айтқан.
“Сөйтсем операторлар қазақстандық банк пен Ресейдің банк жүйелері арасындағы аударымдар уақтша тоқтатылғанын айтты. Менің ойымша, олар мұны білген. Өздерінің банктерінен аударым жасалмайтынын біле тұра әдейі маған солай етіп отыр. Ол 2 мың теңге маған енді қайтпайтын шығар. Жай алданып қалмаңыздар дегім келеді. Ол 2 мың теңге біреу үшін соңғы ақша болса, біреу үшін дым да емес. Қай жерден екендерін сұрап алыңыздар. Өз басым ол кезде қатты асығыс болғанмын”, – деп қорытты ол.
Айта кетейік, қазір Қазақстан мен Ресей арасындағы кейбір ақша аударымдары уақытша тоқтатылған. Мәселен, Halyk Bank, Freedom Bank және Bank RBK техникалық себептерге байланысты "Золотая корона" ресейлік төлем жүйесі арқылы ақша аудару қызметін уақытша тоқтатты.
Бұл жағдайдың басты себебі – АҚШ Қаржы министрлігінің қараша айында жариялаған жаңа санкциялар пакеті. Оған 50-ден астам ресейлік банк кірді. Бұл банктердің кейбірін қазақстандықтар Ресейге ақша аудару үшін пайдаланып келген.
@ai30003 абайлаңдар
♬ оригинальный звук - Aidana

АҚШ-та ауыр жарақат алған қазақстандық дзюдошы хал үстінде жатыр: Ағасы емге 270 миллион теңге қажет екенін айтты
