Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Істеген ісіңе жауап бер": Бішкектің вице-мэрін халықтың көзінше ұстап әкетті

Ырсалиев - Бішкектің вице-мэріФото: видеодан кадр

16 шілдеде Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиев пен "Тұңғыш" ықшамауданы тұрғындарының кездесуі кезінде Бішкектің вице-мэрі Жамалбек Ырсалиев ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АКИpress сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде қала тұрғындары Ырсалиевтің біраз жер телімі бар екенін, бірақ жалдау ақысын төлемейтінін айтып шағымданды. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Ташиев қала тұрғындары мен Ырсалиевтің өзін тыңдап, содан кейін ҰҚМК тергеушілері тұрғындардың сөзін растағанын айтты.

"Алты жылдан бері бұл жерді өз мақсатыңызға пайдаланып келгенсіз. Халық біледі. Сіз мені алдадыңыз... Бірақ халықты алдай алмайсыз. Осында жедел қызметкерлер жұмыс істеді, барлығын тексерді. Сіз бұл жерді алты жылдан бері пайдаланып келгенсіз, бірақ жалға алу ақысын төлеген жоқсыз. Бір сом да төлеген жоқсыз.

...Бұл жер сенің жерің емес. Бұлар муниципалдық жер ғой, солай ма? Жалға алу ақысын төлемейді екенсіз. Енді менікі емес дейсіз... Ендеше, Жамалбек, еркек болуың керек. Істеген ісіңе жауап беруің керек, жауапкершілік алуың керек. Қателік жіберсең, "Құрметті тұрғындар, мен қателестім, түзелемін" деп кешірім сұрау керек", – деген Ташиев қарамағындағыларға вице-әкіммен тергеу шараларын жүргізуді тапсырды.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері вице-мэрді дереу ұстап әкетті.

Ырсалиев бұл қызметке 2024 жылғы 14 мамырда тағайындалған.

STAN.KZ
Бейсенбі, 17 Шілде, 2025 12:16
Талқылау