Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрын 10 жылға берілетін: АҚШ Қырғызстан азаматтарына визалардың жарамдылық мерзімін үш айға дейін қысқартып тастады

Қырғызстан азаматтары АҚШ-қа виза тек үш айға беріледіФото: pixabay.com

АҚШ билігі Қырғыз Республикасының азаматтарына арналған B-1/B-2 санатындағы көші-қонсыз визалардың жарамдылық мерзімін қысқартты. Енді бұл визалар он жылға емес, тек үш айға ғана беріледі және елге бір рет қана кіруге мүмкіндік болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігі таратқан мәлімдемеге сәйкес, бұл өзгеріс АҚШ президентінің №14161 жарлығын орындау мақсатында енгізілген. Жарлықтың атауы – "АҚШ-ты шетелдік террористер мен ұлттық әрі қоғамдық қауіпсіздікке төнетін өзге де қатерлерден қорғау". Құжат иммиграциялық жүйені бақылауды күшейтуге бағытталған кең ауқымды стратегия аясында қабылданған. 

"Визалардың жарамдылық мерзімін қысқарту – иммиграциялық жүйеге жасалатын заңсыз әрекеттерді анықтап, алдын алуға көмектеседі. Визалық өзара шарттар кез келген уақытта АҚШ мемлекеттік департаменті тарапынан қайта қаралуы мүмкін", – делінген елшілік хабарламасында. 

Осы аптада АҚШ Мемлекеттік департаменті Қырғызстан азаматтарына (және аты аталған өзге мемлекеттерге) визалар мерзімінің қысқарғанын ресми түрде растады. Дегенмен толық тізім жарияланбады.



АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтындағы мәліметке сәйкес, B-1/B-2 визалары – бұл қысқа мерзімді іскерлік сапарларға, туризмге, туыстарға баруға немесе емделуге арналған көші-қонсыз визалар. Мұндай визаны алу үшін өтініш беруші АҚШ-қа барғаннан кейін елден міндетті түрде қайтып кететінін дәлелдеуі тиіс.

Қырғызстан азаматтарының көбі осы санаттағы визаларды бұрын жиі таңдайтын. Виза беру шарттарының өзгеруі АҚШ-қа сапар санын және оларды жоспарлау мерзімін едәуір өзгертуі мүмкін.

STAN.KZ
Бейсенбі, 10 Шілде, 2025 15:25
Талқылау