Қазақстанда қай сала мамандары жоғары жалақы алатыны белгілі болды
Статистика бойынша ең үлкен кіріс мегаполистер мен капиталды көп қажет ететін салаларда шоғырланған. Алматы, Астана және Атырау облысы қаржы жағынан көш бастап тұр. Салалар бойынша сақтандыру, IT және тау-кен өнеркәсібінде ақша көп. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда ұлттық статистикалық бюросының мәліметтері бойынша 88 720 кәсіпорын жұмыс істейді. Қызметкерлердің жалпы саны – 3,98 миллион адам, ал нақты 3,77 миллион адам жұмыспен қамтылған. Елдегі жалпы еңбекақы қоры 18,36 трлн теңгеге тең.
Жалақы қорының көлемі бойынша көшбасшы – 3,05 трлн теңге көрсеткішпен Алматы қаласы. Екінші орында 2,13 трлн теңгемен Астана тұр. Алматыда 548 мың, Астанада 351 мың жұмысшы бар. Жалақы қоры бойынша үшінші орында (1,46 трлн. теңге) жоғары ақы төленетін мұнай-газ секторы бар Атырау облысы.
Ал Түркістан облысында жұмысшылар саны 267 мың адам болса да, жалақы қоры аз – 903 млрд теңге қана. Бұл орташа жалақының төмен деңгейін көрсетеді.
Аймақтар бойынша орташа айлық жалақы:
- Атырау облысы – 634 234 теңге.
- Маңғыстау облысы – 620 320 теңге.
- Астана – 563 309 теңге.
- Алматы – 518 857 теңге.
- Батыс Қазақстан облысы – 500 046 теңге.
- Ұлытау облысы – 599 046 теңге (ең шағын облыс үшін өте жоғары көрсеткіш).
Ең төменгі орташа жалақы:
- Жамбыл облысы – 308 891 теңге.
- Солтүстік Қазақстан облысы – 300 051 теңге.
- Түркістан облысы – 310 515 теңге.
- Алматы облысы – 339 185 теңге.
- Шымкент – 321 408 теңге.
2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылдың бірінші тоқсанында Ұлытау – 119,4%, Қостанай облысында – 114,6%, Алматы – 114,2%, Жетісу облысында – 114,01%, Астана – 114%, өсім болды.
Ірі кәсіпорындардың үлесіне жалпы жалақы қорының 55%-дан астамы (10,2 трлн. теңге) келеді. Мұндай кәсіпорындардағы орташа жалақы – 492 472 теңге.
Барлық ұйымдардың 87%-на тең шағын кәсіпорындар (88 720-нің 77 671-і) жалпы еңбекақы қорының 20%-ға жуығын ғана (3,66 трлн теңге) жинақтайды. Мұндағы орташа табыс айтарлықтай төмен – 292 793 теңге. Орта кәсіпорындарда 372 658 теңге ұсынады.
Гендер бойынша орташа жалақы
Әйелдер барлық жұмысшылардың 52%-ға жуығына тең. Яғни жұмыс істейтін 3,77 миллионның 1,93 миллионы әйел. Бірақ олардың жалпы жалақы қорындағы үлесі – шамамен 43%. 18,36 триллион теңгенің 7,96 триллионы ғана әйелге тиесілі.
2025 жылдың 1 тоқсанында барлық салалар бойынша орташа айлық жалақы – 423 133 теңге. Ал медианалық жалақы 300 307 теңгеге тең. Ерлердің орташа жалақысы 468 914 теңге болса, әйелдердікі – 344 496 теңге. Айырмашылық – 26,5%, әйелдердің жалақысы аз.
Ең жоғары орташа айлық жалақы келесі салаларда:
- Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру – 1 604 296 теңге.
- Компьютерлік бағдарламалау және IT – 1 092 716 теңге.
- Құбыр көлігі – 975 285 теңге.
- Әуе көлігі – 917 664 теңге.
- Кен өндіру – 866 486 теңге.
Гендерлік алшақтық осы жоғары жалақы алатын салаларда да сақталады. Мысалы IT саласында ерлер – 1,2 млн теңге, әйелдер – 866 мың теңге алады. Қаржыда ерлер – 1,06 млн теңге, әйелдер – 725 мың теңге. Ең аз алшақтық телекоммуникация саласында байқалады: ерлер үшін 620 мың, әйелдер үшін 609 мың.
Ең аз төленетін салаларға мыналар жатады:
- Балық шаруашылығы (109 066 теңге).
- Мектепке дейінгі білім беру (195 723 теңге).
- Мемлекеттік басқару, білім беру және әлеуметтік қызметтер де жалақысы төмен салалардың қатарында.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
